«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

«Әділет» партиясы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға толықтай дайын екенін мәлімдейді.

Біз бұл сайлауды жаңа Конституцияны іске асырудың және Қазақстандағы демократиялық институттарды одан әрі нығайтудың маңызды кезеңі деп санаймыз. Партиямыз сайлауға нақты бағдарламамен, кәсіби командамен және азаматтар алдындағы жауапкершілікті терең сезіне отырып қатысады. Бағдарламамыз әділдік, заң үстемдігі, жауапкершілік, патриотизм және даму құндылықтарына негізделген. Біз заң талаптарын қатаң сақтай отырып, азаматтардың еркін таңдау құқығын құрметтейтін адал, ашық әрі бәсекеге толы саяси додаға дайынбыз. Басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстанды нығайтуға бағытталған нақты бастамаларды жүзеге асыру үшін қоғамның сеніміне ие болу. Ашық саяси бәсеке, қоғам алдындағы жауапкершілік және Конституцияға құрмет – еліміздің табысты дамуының басты кепілі екеніне сенімдімін. Біз бұл жауапты іске әзірміз әрі оның нәтижесі үшін жауапкершілік алуға дайынбыз. Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 312 новых объектов культуры: как изменилась культурная сфера Казахстана за семь лет
  • 312 жаңа мәдениет нысаны: Қазақстанның мәдениет саласындағы жеті жылдағы өзгерістер
  • «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖАІШ
  • ​*Алматы облысы Дін істері басқармасы*
  • *Международные оценки: устойчивый рост и инвестиционный кредитный рейтинг*