Заң мен тәртіп

37a6e252-eb81-4e6b-8a3b-530f61850345.jpeg

«Заң мен тәртіп»: Іле ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында рейдтік іс-шаралар өткізілді

«Заң мен тәртіп» жобасы аясында Іле ауданы аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізді.

Рейд барысында мотоцикл, квадроцикл, трицикл, мопед және ауыр жүк көліктерінің қозғалысына ерекше бақылау жасалды. Сондай-ақ жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына, көлік құралдарының техникалық жай-күйіне және қажетті құжаттарының болуына назар аударылды.

Сонымен қатар кешкі және түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзу, рұқсат етілген шу деңгейінен асып кету сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казахстан становится экономикой не только нефти: зарубежные аналитики отметили рост инвестиций и про
  • Заң мен тәртіп
  • Іле ауданында “ Stop коррупция” акциясы өтті
  • Куда поехать этим летом
  • Заң мен тәртіп