Жаңа Конституция – дамуға жол ашады

image.png

 Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, қоғам мен мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, мемлекеттік биліктің

 қызмет ету тәртібін белгілейді. Сондықтан Конституциядағы өзгерістер мен жаңартулар елдің болашағына тікелей әсер етеді.

       1-ші шілдеден бастап қолданысқа еңгізілетін Жаңа Конституция қоғамдағы заманауи талаптар мен өзгерістерді ескере отырып қабылданады. Оның басты мақсаты – демократиялық

 құндылықтарды нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын кеңінен қорғау. Сонымен қатар, жаңа Конституция мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және

 халықтың саяси өмірге қатысу мүмкіндігін арттыруға бағытталады.

Сондай-ақ, Конституциялық реформалардың нәтижесінде билік тармақтарының өзара тепе-теңдігі күшейіп, мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артады. Бұл өз кезегінде қоғамдағы

 әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Азаматтардың пікірін ескеру және олардың мемлекет ісіне белсенді араласуына жағдай жасау да жаңа Конституцияның маңызды

 ерекшеліктерінің бірі болып табылады.

    Жаңа Конституция елдің тұрақты дамуына, ұлттық бірліктің нығаюына және құқықтық мемлекеттің қалыптасуына жол ашады. Сондықтан әрбір азамат негізгі заңның мазмұнын біліп, оның

 талаптарын құрметтеуі қажет. 


Өз тілшімізден


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Прокуратура Алматинской области заблокировала свыше 500 фейковых объявлений
  • Алматы облысының прокуратурасы 500-ден астам жалған хабарландыруды бұғаттады
  • Алкогольдан аулақ болыңыз!
  • Жаңа Конституция – дамуға жол ашады
  • ???????????????? *Глава государства выступил на круглом столе «Казахстан – ЕС»*