“Қазақстанның ішкі саудасы тұрақты өсім көрсетуде”

bd1c4a57-a28b-43f6-b833-cd7be8013202.jpeg

33addfa8-821c-44bd-85ec-954e169512e1.jpeg

2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі сауда саласында тұрақты оң динамика сақталды. «Сауда» саласының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6% құрады.

Есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 19,6 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5% артты. Бұл көрсеткіш елдегі сауда белсенділігінің өсуіне және экономикалық белсенділіктің нығаюына елеулі үлес қосты.

Бөлшек сауда саласында да оң үрдіс жалғасуда. 2026 жылдың алғашқы бес айында бөлшек сауда көлемі 9 трлн теңгені құрап, нақты мәнде 3,6% өсті.

Сауда көлемі бойынша жетекші өңірлер қатарында Алматы (жалпы көлемдегі үлес салмағы – 34,5%) және Астана (13,9%) қалалары, сондай-ақ Атырау (11,5%) және Қарағанды (6,1%) облыстары  мен Шымкент қаласы (5%) бар.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • “Қолжетімді орта-баршаға ортақ мүмкіндік”
  • Провокации и разжигание розни в социальных сетях абсолютно недопустимы – Генеральная прокуратура
  • Әлеуметтік желідегі арандатушылыққа жол жоқ – Бас прокуратура
  • Әлеуметтік желілерде арандатушылық пен алауыздықты қоздыруға мүлдем жол берілмейді – Бас прокуратура
  • “Внутренняя торговля Казахстана сохраняет устойчивый рост”