Президент меймандарға ілтипат білдіріп, бауырлас елдер ынтымақтастығын нығайтуда Түркі мемлекеттері

3.png

Осы тұста ұйымға мүше мемлекеттердің сот және құқық қорғау саласындағы ықпалдастығы күшейіп келе жатқанын атап өту қажет. Ертең Түркістан төрінде өтетін алқалы жиын соның 

айқын көрінісі болмақ. Әрбір өркениетті елдің өсіп-өркендеуі үшін сот жүйесінің маңызы зор. Сондықтан жоғарғы соттар арасындағы өзара тығыз байланысты тереңдету бауырлас

 елдеріміздің ортақ мүддесіне толық сай келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 



✔️Мемлекет басшысы қазір көптеген елдер жаһандық технологиялық өзгерістер көшінен қалып қоймау үшін заман талабына қарай қарқынды даму жолына түсіп жатқанына назар аударды. 


– Осы бағытта біз де күш-жігер біріктіріп, жұмыла әрекет етуіміз керек. Ертең Түркістанда өтетін конференцияда сот саласын цифрландыру мәселесі жан-жақты талқыға түседі. Сондай-ақ 

инвесторлардың құқықтарын қорғау және басқа да маңызды мәселелер қаралады. Мұндай күн тәртібі өте орынды және өзекті деп айтуға болады. Осы мәселелер бойынша пікір алмасу

 біздің ұйымның одан әрі дамуына және оның беделінің күшеюіне үлкен серпін берері сөзсіз. Баршаңызға белгілі, Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы барлық игі бастамаларды

 қолдайды, алдағы уақытта да солай болмақ, – деді Мемлекет басшысы. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы өнеркәсіп кооперациясы орталықтары мол мүмкіндікке жол ашатынын атап өтті
  • Президент инфрақұрылымдық міндеттер жүзеге асырылса, 2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төр
  • «Инвестиции приходят туда, где работает закон».
  • «Инвестициялар заң үстемдік еткен жерге келеді»
  • Алматы облысында қылмыс деңгейі 6%-ға төмендеді