

Өтетін уақыты: 2026 жыл, 27 маусым.
Өтетін жері: Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарқара жайлауы.
Мақсаты: Қазақ халқының бірлігі мен рухани құндылықтарын насихаттау; Абыз-Баба Әлмерек Жаншықұлының ел тарихындағы орны мен өнегелі өмірін бүгінгі ұрпаққа таныту; ұлттық салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды дәріптеу және ұмыт болған мәдени мұраларды жаңғырту; қымызмұрындық дәстүрі арқылы қазақ халқының қонақжайлығы мен ұлттық тағам мәдениетін кеңінен таныстыру; жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа және ұлттық рухқа тәрбиелеу; ұлттық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау; ауыл тұрғындары мен қонақтар арасында мәдени байланысты нығайтып, қоғамдық ынтымақ пен татулықты арттыру; өңірдің тарихи-мәдени ерекшеліктерін танытып, туризмді дамытуға ықпал ету.
Ұйымдастырушы: Ұйымдастыру алқасы.
Қатысушылар: Алматы облысының әкімі, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, Ақсақалдар, ардагерлер, аналар кеңесі, этно-мәдени бірлестіктер, БАҚ және баспа өкілдері шақырылды. Сонымен қатар, Алматы облысының тұрғындары қамтылады. Шараға 30 мыңға жуық адам келеді деп жоспарлануда.
Бағдарламасы:
Сағ: 9:30-10:00 – Қонақтарды тіркеу
Сағ: 10:00-10:10 – Қонақтарды қарсы алу
Сағ: 10:10 – 11:30 – Көрмелермен танысу
(Бие бау, Күбілер алаңы, Қарқара жәрмеңкесі, Қол өнер көрмесі, Суретшілер көрмесі, Шеберлер көрмесі, Ұлттық киімнің сән-көрсетілімі, Шеберлік сағаттары, Қазақ күресі, Қой қырқудан жарыс, Асылтұқымды малдармен ауыл шаруашылық техникалар көрмесі, «Толағай»Алыптар сайысы, «Топжарған» этно-мәдени орталығының қойылымдары)
Сағ: 11:30 – 11:45 - Салтанатты шараның ашылуы
Сағ: 11:45 - 12:00 - Театрландырылған көрініс
Сағ: 12:00 - 12:05 – Құран бағыштау
Сағ: 12:05 -14:30 – Концерттік бағдарлама
Сағ: 13:00 - 14:20 – Абыз-Баба Әлмерек рухына бағышталған ас
Сағ: 14:20 - 14:45 – 1000 бас жылқыны айдап өту
Сағ: 14:45 - 15:00 – «Топжарған» этно - мәдени орталығының қойылымдары;
Сағ: 15:00 - 17:00 – Абыз-Баба Әлмерек жүйрігі
Аламан бәйге – 32 км;
Топ бәйге – 20 км;
Құнан бәйге – 9 км.
Сағ:17:00 – 17:30 – Жеңімпаздарды марапаттау;
Сағ: 18:00 - Қонақтарды шығарып салу.


