ІЛЕ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

44.png

Жаз мезгілінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу

 мақсатында Іле ауданы аумағындағы су айдындарында кезекті рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.


Іс-шараға Іле ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №8 және №9 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері, 

сондай-ақ Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекцияның қызметкерлері қатысты. Рейд барысында су

 айдындарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауға алынып, рұқсат етілмеген орындарда шомылып 

жүрген азаматтар анықталды.


Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына 

сәйкес белгіленбеген жерде шомылған бір азаматқа әкімшілік хаттама рәсімделді.


Сонымен қатар мамандар тұрғындармен профилактикалық әңгімелер өткізіп, суға тек арнайы рұқсат етілген 

орындарда түсу, балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін

 түсіндірді.


Мамандар әрбір азаматты өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, су айдындарында 

белгіленген ережелерді сақтауға шақырады. Мұндай рейдтік іс-шаралар жазғы кезең бойы аудан аумағында тұрақты

 түрде жалғасады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы өнеркәсіп кооперациясы орталықтары мол мүмкіндікке жол ашатынын атап өтті
  • Президент инфрақұрылымдық міндеттер жүзеге асырылса, 2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төр
  • «Инвестиции приходят туда, где работает закон».
  • «Инвестициялар заң үстемдік еткен жерге келеді»
  • Алматы облысында қылмыс деңгейі 6%-ға төмендеді