ІЛЕ АУДАНЫНДА СУ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

44.png

Жаз мезгілінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу 

мақсатында Іле ауданы аумағындағы су айдындарында кезекті рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.


Іс-шараға Іле ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №8 және №9 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері,

 сондай-ақ Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекцияның қызметкерлері қатысты. Рейд барысында су 

айдындарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауға алынып, рұқсат етілмеген орындарда шомылып

 жүрген азаматтар анықталды.


Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес

белгіленбеген жерде шомылған бір азаматқа әкімшілік хаттама рәсімделді.


Сонымен қатар мамандар тұрғындармен профилактикалық әңгімелер өткізіп, суға тек арнайы рұқсат етілген 

орындарда түсу, балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін

 түсіндірді.


Мамандар әрбір азаматты өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, су айдындарында 

белгіленген ережелерді сақтауға шақырады. Мұндай рейдтік іс-шаралар жазғы кезең бойы аудан аумағында 

тұрақты түрде жалғасады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ
  • Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Үкілі үмітімізді ұштап отырмыз
  • Заң мен тәртіп
  • Құрылтай сайлауына балқаштықтар тас-түйін дайын