
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және
ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Ә.Молдабеков атындағы
№6 орта мектеп директорының бастамасымен түнгі рейдтік іс-шара өткізілді.
Рейд барысында мектеп әкімшілігі балалар көп шоғырланатын орындарды аралап, қоғамдық тәртіптің сақталуына
бақылау жүргізді. Сондай-ақ кафе, мейрамхана және ойын-сауық орындары тексеріліп, онда мектеп оқушыларының
болмағаны анықталды.
Іс-шара аясында оқушылар мен олардың ата-аналарына профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ата-аналарға балаларды түнгі уақытта қараусыз қалдырмау, олардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау
және жазғы демалыс кезеңінде бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Оқушыларға қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, кешкі уақытта ата-анасының рұқсатынсыз көшеде
жүрмеу, сондай-ақ судағы, жолдағы және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі жөнінде
жан-жақты ақпарат берілді.
Осындай профилактикалық рейдтердің негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және мектеп пен ата-ана арасындағы
ынтымақтастықты нығайту. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.


