Қауіпсіздік - ақпараттан басталады

74574e5b-45b1-4243-b7ad-025d2c118cde.jpeg

 Қаскелең қаласындағы Алтын Ауыл шағынауданында Қарасай аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Дінмұхамбет Лашынбайұлының тұрғындармен кездесуі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Кездесу барысында азаматтардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті үш мәселе кеңінен талқыланды

Алғашқы тақырып – кибералаяқтықтың алдын алу. Полиция өкілдері тұрғындарға интернет алаяқтарының жиі қолданатын айла-тәсілдері туралы айтып, банк қосымшаларын, әлеуметтік желілерді және түрлі цифрлық сервистерді пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар жеке деректерді қорғау және күмәнді хабарламалар мен қоңырауларға сенбеу жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Кездесуде есірткі қылмыстарының алдын алу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Әсіресе кәмелетке толмағандардың заңсыз әрекеттерге тартылуының салдары, мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығы айтылды.

Сондай-ақ тұрғындармен ашық диалог ұйымдастырылып, азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Қоғамдық қауіпсіздік, құқықтық тәртіп және ішкі істер органдарының қызметіне қатысты сауалдарға жан-жақты жауап берілді.

Мұндай кездесулер тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, полиция мен қоғам арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы бірлескен жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ИИ становится новой реальностью избирательных кампаний – эксперт
  • ЖИ сайлау науқандарының жаңа шындығына айналып келеді – сарапшы
  • По мере приближения выборов доля неопределившихся избирателей сокращается – эксперт о социсах
  • Сайлау жақындаған сайын нақты шешім қабылдамаған сайлаушылардың үлесі азайып келеді – сарапшы әлеуме
  • Благодаря активной кампании явка на выборах в Курултай может быть выше, чем на предыдущих – эксперт