«ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» — ЗАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕУ МЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА

55.png

Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында Боралдай кентінде 

жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткінің 

зияны туралы ақпараттандыру бағытында «Есірткіге жол жоқ!» акциясы ұйымдастырылды.


Іс-шараға полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері, жастар ресурстық орталығының мамандары мен еріктілер

 қатысып, тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Акция барысында есірткі заттарын

 қолданудың адам денсаулығына, отбасы мен қоғамға тигізетін зардаптары туралы жан-жақты ақпарат 

беріліп, арнайы жадынамалар мен ақпараттық парақшалар таратылды.


Қатысушылар тұрғындарға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастарды 

зиянды әдеттерден қорғау мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, жастарды спортпен 

шұғылдануға, белсенді өмір салтын ұстануға және қоғам өміріне белсенді араласуға шақырды.


Акцияның негізгі мақсаты – қоғамда есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты

 арттыру және жастар арасында заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін нығайту. Мұндай шаралар

 жастардың қауіпсіз әрі жарқын болашағын қамтамасыз етуге және құқықтық тәртіпті нығайтуға 

бағытталған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» — ЗАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕУ МЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА
  • БОРАЛДАЙДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
  • «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Боралдай кентінде «Есірткіге жол жоқ!» акциясы өтті
  • ҮНДЕУ
  • ОБРАЩЕНИЕ