Дәметкен Нүсіпбекова «Нұрбөбек» №938 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады

image.png

Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Қонаев қаласының Құрметті азаматы, қалалық аналар кеңесінің төрағасы Дәметкен Нүсіпбекова «Нұрбөбек» балабақшасында орналасқан №938 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындату мен тағылымды тәрбие беру жолында ұзақ жылдар бойы тер төккен Дәметкен Таласбекқызы 80 жасқа келсе де, жас ұрпақтың болашағы үшін әлі күнге қоғамдық қызмет атқарып жүргенін атап өткен жөн.

– Бүгінгі елімізде өтіп жатқан референдумның ел келешегі үшін алатын орны ерекше. Қабылдану үшін дауыс беріліп жатқан Ата Заңды халықтың бейбіт және әділетті қоғамда өмір сүруіне кепілдік беретін құжат деп білемін. Ол адам құқығын, бостандығын және этносаралық бірлікті бекемдейтіні анық. Сол себепті ел болашағын айқындайтын саяси науқанға белсене қатысу – әр азаматтың міндеті. Өйткені бүгінгі көпшіліктің таңдауынан ертеңгі ел тағдыры шешілмек. Сондықтан қала тұрғындарының салғырттық танытпай, референдумнан қалыс қалмағаны абзал.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите