Жалпыұлттық референдум күні Жамбыл ауданында өтіп жатыр

лд.png

Жалпыұлттық референдум күні Жамбыл ауданының тұрғындары ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді түрде қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруде. Солардың қатарында Мыңбаев ауылдық округінің тұрғыны, үшем дүниеге әкелген көпбалалы ана Шолпан Бегалиқызы Мамашева да бар.

Көпбалалы ана республикалық референдумға қатысып, өзінің азаматтық таңдауын жасады. 

Бүгінде ерлі-зайыпты сегіз бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Өткен жылы Шолпан үшем дүниеге әкеліп, көпбалалы аналардың қатарын толықтырды. Балаларын тәрбиелеп, отбасының берекесін келтіріп отырған ана бүгінгі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

Көпбалалы ана референдумның ел болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.

Бүгінгі референдумға қатысқан тұрғындардың арасында жастар, ардагерлер, көпбалалы аналар мен үлгілі отбасылар көп. Бұл – қоғамның әрбір мүшесі ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді.

Шолпан Мамашева сынды көпбалалы аналардың азаматтық белсенділігі жас ұрпаққа үлгі болып, қоғамдағы жауапкершілік пен бірлікті нығайта түсетіні сөзсіз.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите