Әр адамның дауысы маңызды 15.03.2026 in Барлық жаңалықтар, Референдум

image.png

Балқаш ауданының тұрғыны, мәдениет саласының қызметкері Құралай Оразбекова №110 референдум учаскесіне көтеріңкі көңіл-күймен келді. Оның айтуынша, ел өміріне қатысты маңызды мәселелер шешіліп жатқан кезде сырт қалмаған жөн.

Ол мұндай қоғамдық оқиғаларға қатысу ең алдымен жеке жауапкершіліктің және ортақ іске деген құрметтің көрінісі екенін айтады. Әр адам өз көзқарасын білдіру арқылы мемлекет болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді.

Құралай Ілеғалиқызы референдум адамдарды біріктіре түседі деп есептейді. Себебі ол бәріміз бір елде өмір сүріп жатқандықтан оның болашағына бірдей жауапты екенімізді айтады.

Сонымен қатар, бұл күні Құралай Оразбекова учаскеде байқаушы ретінде де қатысып отыр. Ол дауыс беру үдерісін бақылап, учаске жұмысы тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай процесті көзбен көру маңызды, өйткені осындай шаралардың ашықтығы мен айқындығы халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түседі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите