14 наурыз – Амал мерекесі

image.png


14 наурыз – Амал мерекесі, яғни Көрісу күні Алматы облысында ерекше ықыласпен және жоғары деңгейде тойланды.

 Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы саналатын бұл күнде облыстың барлық аудандары мен 

қалаларында түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде 13-наурыз күні Іле, Ұйғыр, 

Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандары көштің басын бастап берсе, Алатау, Қонаев қалалары мен Райымбек,

 Балқаш, Кеген, Қарасай аудандары мерекенің жалғасын 14-наурыз күні сән-салтанатымен көріктендірді.


Бұл күні жұртшылық бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетіп, ұлттық дәстүрді 

дәріптеді. Облыстың орталық алаңдары мен мәдениет үйлерінде ұлттық ойындар, концерттік бағдарламалар, 

театрландырылған көріністер және көрмелер ұйымдастырылып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Әсіресе жастар мен еріктілердің белсенді қатысуы мерекенің мазмұнын байыта түсті. Олар үлкен буын өкілдерін

 арнайы құттықтап, ұлттық құндылықтарды насихаттауға өз үлестерін қосты.


Көрісу күні – татулық пен бірліктің, сыйластық пен құрметтің символы. Осы игі дәстүр арқылы тұрғындар бір-біріне 

ақ тілектерін арнап, жаңа жылдың бастауын жақсылықпен қарсы алды.


Алматы облысында өткен бұл мерекелік іс-шаралар ұлттық дәстүрлердің өміршеңдігін тағы бір мәрте айқындап, 

ел бірлігі мен рухани сабақтастықтың маңызын көрсетті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • “Қауіпсіз жол” іс-шарасы өтті
  • Открытие крупного транспортно-логистического хаба в Алматинской области
  • Алматы облысында ірі көлік-логистикалық хаб ашылды
  • Алматы облысында «JASTAR CAMP» жастар лагері өтті: кәсіпкерлік, білім және цифрландыру мәселелері та
  • Қазақстанда креативті экономиканы дамыту және киноиндустрияға рибейт жүйесін енгізу мәселелері талқы