Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын

image.png

Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын аяқтады. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында хабарланды.

«Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары дайындық жұмыстарын аяқтады. Қажетті ұйымдастырушылық іс-шаралар

 жүргізілді, комиссиялардың қызметіне әдістемелік қолдау қамтамасыз етілді, дауыс беру рәсімдерін қолдану мен

 референдум туралы заң талаптарын сақтауда бірыңғай тәсіл қалыптастырылды. Бұл біздің республикалық

 референдумды өткізуге және оны заң талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастыруға толық дайын екенімізді айтуға 

мүмкіндік береді», – деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Дайындықтың негізгі бағыттарының бірі комиссия мүшелерін оқыту болды. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 13 наурызда

 оқытудың қорытынды кезеңі аяқталды. Жедел ақпаратқа сәйкес дайындық барысында 5800-ден астам оқыту семинары 

өткізіліп, оған әртүрлі деңгейдегі комиссиялардың 71 мыңнан астам мүшесі қатысты. Дайындық деңгейін қосымша

 бағалау мақсатында қашықтан онлайн-тестілеу ұйымдастырылды.


ОРК Төрағасының айтуынша, іске асырылған каскадтық оқыту жүйесі ел бойынша комиссия мүшелерін даярлаудың 

бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Референдумға дайындық аясында заңнамада көзделген байқау жүргізуге қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді.

 Референдум учаскелерінде болуға құқығы бар өкілдері қатыса алатын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық 

емес ұйымдарды аккредиттеу жүргізілді. Бүгінгі таңда 256 ұйым аккредиттелді, оның ішінде 11-ін Орталық референдум 

комиссиясы, ал 245-ін аумақтық комиссиялар аккредиттеді.

Отырыс соңында дауыс беру күні Орталық референдум комиссиясы дәстүрлі түрде тікелей эфирде бұқаралық ақпарат

 құралдарына ел бойынша дауыс беру барысы туралы әр екі сағат сайын ақпарат беріп отыратыны атап өтілді. 

Ақпарат берілетін нақты уақыт алдын ала жарияланатын болады.





Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите