Балқаш ауданында бұл бағыт тұрақты дамып келеді.

оль.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының 

форумында елдің жаңа конституциялық даму бағыты туралы айтты. Президент өз сөзінде ауыл шаруашылығы

 саласының ел экономикасындағы стратегиялық маңызын атап өтті. Бұл әсіресе аграрлық өңірлер үшін маңызды. 

Балқаш ауданында бұл бағыт тұрақты дамып келеді. 

Мысалы:

• ауданның ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 41,9 млрд теңгені құрады;

• мал шаруашылығында 15,1 мың тонна ет, 13,4 мың тонна сүт өндірілді;

• жұмыртқа өндірісі 533 мың данаға жетті. 

Сонымен қатар мал басы да айтарлықтай өсіп отыр:

• ірі қара – 105,8 мың бас;

• қой-ешкі – 98,5 мың бас;

• жылқы – 30,1 мың бас. 

Аудандағы егіс алқабы 30 мың гектардан асады, оның ішінде негізгі бағыттардың бірі – күріш шаруашылығы. 

Бұл көрсеткіштер Балқаш ауданының тек өңірлік деңгейде ғана емес, жалпы облыс экономикасында да 

маңызды аграрлық аймақ екенін көрсетеді.

Қоғам белсендісі –  К.Ербаев


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты*
  • *Emirates SkyCargo запустил еженедельные грузовые рейсы между Алматы и Дубаем*
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
  • 2. АРНАЙЫ ТЕХНИКАҒА КЕДЕРГІСІЗ ЖОЛ – АДАМ ӨМІРІНІҢ КЕПІЛІ
  • «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ»: ІЛЕ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ