Коалиция мүшелері Ақжар ауылының тұрғындарымен кездесті

54.png

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Балқаш ауданындағы Ақжар жұртшылығымен кездесу өткізді.

 

Кездесуде жаңа Конституция жобасындағы меншік пен табиғи ресурстарға қатысты нормалар талқыланды. Атап айтқанда, 8-баптың 3-тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені атап өтілді.

 

Коалиция мүшесі Ғалия Жусупова бұл норманың маңызын кеңінен түсіндірді.

 

«Жер – бұл жай экономикалық ресурс емес, ұлттық байлық. Жаңа редакцияда табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені нақты бекітіледі. Бұл – стратегиялық маңызы бар норма. Ол жер мен байлықтың ел мүддесіне қызмет етуін конституциялық деңгейде айқындайды. Ауыл тұрғындары үшін бұл – жер қатынастарының құқықтық негізінің айқын әрі әділетті болуына кепілдік», – деді ол.

 

Тұрғындар кездесуге белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • "Заң мен тәртіп" : “Қауіпсіз жол” іс-шарасы өтті
  • “Қауіпсіз жол” іс-шарасы өтті
  • Открытие крупного транспортно-логистического хаба в Алматинской области
  • Алматы облысында ірі көлік-логистикалық хаб ашылды
  • Алматы облысында «JASTAR CAMP» жастар лагері өтті: кәсіпкерлік, білім және цифрландыру мәселелері та