Коалиция мүшелері Жамбыл 2 мектебінің ұжымымен кездесті

 8.png

 «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Балатопар ауылындағы Жамбыл 2 педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

 Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатынын және қайта сайлану құқығына ие болмайтынын, өкілеттік кезеңінде саяси партия мүшесі бола алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметтерді атқара алмауы биліктің шоғырлануына жол бермейтін құқықтық тосқауыл екені түсіндірілді.

 «Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – билікті жеке тұлғаға бейімдеу емес, оны институционалдық тұрғыдан шектеу. Бір реттік жеті жылдық мерзім өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Бұл – биліктің “нөлденуіне” емес, тұрақтылық пен әділеттілікке бағытталған нақты құқықтық шешім. Сонымен қатар, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау тетігі енгізіліп отыр. Бұл – тепе-теңдік пен жауапкершілік моделінің негізі», – деді коалиция мүшесі Марат Нұраұлы.

 Ұжым өкілдері референдумның ел дамуы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зауыт цехынан қызылша алқабына дейін: сайлауалды науқанның 13 тамызы қалай өтті
  • - От заводского цеха до свекловичного поля: чем был наполнен день предвыборной кампании
  • "Заң мен тәртіп" : “Қауіпсіз жол” іс-шарасы өтті
  • “Қауіпсіз жол” іс-шарасы өтті
  • Открытие крупного транспортно-логистического хаба в Алматинской области