Бозжанов атындағы орта мектебінің ұжымында жаңа Конституция жобасы талқыланды

1.png

Құйған ауылындағы Бозжанов атындағы педагогикалық ұжымымен өткен кездесуде Конституциялық реформаның дайындалу кезеңдері мен мазмұны түсіндірілді.

Коалиция мүшелері жоба 2025 жылғы қыркүйекте басталған реформадан кейін кезең-кезеңімен әзірленгенін, 130 сарапшыдан тұратын Конституциялық комиссия құрылғанын және 10 мыңнан астам ұсыныс түскенін атап өтті.

«Бұл құжат жабық кабинетте емес, ашық қоғамдық талқылау негізінде дайындалды. Комиссия 12 ашық отырыс өткізді, ұсыныстар жүйеленіп, пысықталды. Сондықтан жаңа Конституция – белгілі бір топтың емес, кең қоғамдық қатысудың нәтижесі. Референдум – сол қоғамдық еріктің заңды бекітілу кезеңі», – деді коалиция мүшесі Самат Рахишов.

Ұжым өкілдері референдумға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Коалиция мүшелері Жамбыл 2 мектебінің ұжымымен кездесті
  • Береке ауылында Конституцияға қатысты алдағы референдум аясында «Есіктен есікке» ақпараттық акциясы
  • Құйған ауылында алдағы референдумға байланысты «Есіктен есікке» ақпараттық акциясы өтті.
  • Құйған ауылында жаңа Конституция жобасы талқыланды
  • Бозжанов атындағы орта мектебінің ұжымында жаңа Конституция жобасы талқыланды