РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚ ҮНІНІҢ АЙҚЫН КӨРІНІСІ

17.png

Референдум – халық пен билік арасындағы ашық диалогтың нақты көрінісі, ортақ шешім қабылдаудың тиімді жолы.

Бүгінгі таңда елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен бастамалар әрбір азаматтың пікірін ескеруді талап етеді. Осындай сәтте референдум өткізу – демократиялық қоғамның кемелдігін білдіреді. Себебі, маңызды мәселелерді шешуде халықтың тікелей дауыс беруі әділдік пен ашықтықтың кепілі болмақ.

Қоғам белсендісі ретінде мен азаматтарды белсенділік танытуға, ел болашағына қатысты мәселелерге немқұрайлы қарамауға шақырамын. Әрбір дауыс – болашаққа қосылған үлес. Әрбір таңдау – ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

Референдум – бірлік пен тұрақтылықтың, сенім мен жауапкершіліктің символы. Біз тек бақылаушы емес, өзгерістің белсенді қатысушысы болуымыз керек. Ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерде үн қосу – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.

   

Аида КӨПТІЛЕУ, жастар белсендісі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты*
  • *Emirates SkyCargo запустил еженедельные грузовые рейсы между Алматы и Дубаем*
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
  • 2. АРНАЙЫ ТЕХНИКАҒА КЕДЕРГІСІЗ ЖОЛ – АДАМ ӨМІРІНІҢ КЕПІЛІ
  • «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ»: ІЛЕ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ