Береке ауылында цифрлық құқықтар мәселесі талқыланды

1.png

2.png

Балқаш ауданындағы Береке тұрғындарымен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасындағы 21-бап нормаларына 

ерекше назар аударылды.


Коалиция мүшелері жеке өмірге қол сұғылмау, жеке және отбасы құпиясының қорғалуы, сондай-ақ цифрлық 

технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан және пайдаланудан қорғау құқығы

 конституциялық деңгейде бекітілетінін түсіндірді.


Коалиция мүшесі Самат Рахишов бұл өзгерістің заманауи маңызын атап өтті.


«Бүгінде әр азаматтың деректері цифрлық ортада сақталады. Медициналық ақпарат, жеке сәйкестендіру

 деректері, банктік мәліметтер – мұның барлығы қорғалуы тиіс. Жаңа Конституция бұл құқықты нақты бекітіп отыр.

 Бұл – азаматтың жеке кеңістігіне қол сұқпаудың Негізгі заңмен кепілденуі», – деді ол.


Кездесу барысында тұрғындар цифрлық қауіпсіздікке қатысты сұрақтар қойды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Болашақты таңдау өз қолыңда!
  • «Есіктен есікке»
  • БІРЛІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖОЛЫНДАҒЫ РЕФЕРЕНДУМ
  • АНА ТАҢДАУЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІК
  • РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫ