Коалиция өкілдері каз почта ұжымымен кездесті

го.pngлв.png

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Бақанас ауылындағы Каз почта еңбек ұжымымен кездесіп, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасын талқылады.

 

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның басты жаңалықтарына тоқталды. Оның ішінде адам құқықтарының басымдығы, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, цифрлық қауіпсіздік және дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері бар.

 

«Жаңа Конституция – әділетті мемлекеттің іргетасы. Мұнда әр азаматтың өмірі, құқығы мен бостандығы ең жоғары құндылық ретінде бекітілген. Білім мен медицина тегін, еңбек қорғалады, цифрлық деректеріңіз қауіпсіз болады», – деді коалиция мүшесі Жайдары Алимбаева.

 

Ұжым өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Кездесу соңында жиналғандар референдумға белсене қатысып, ел болашағына өз үлестерін қосатындарын жеткізді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Коалиция мүшелері Үшжарма мектеп интернатының ұжымымен кездесті
  • Коалиция өкілдері каз почта ұжымымен кездесті
  • РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚ ҮНІН ЕСТИТІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
  • ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ
  • РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫН АЙҚЫНДАЙТЫН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ