«Заң мен Тәртіп» – Әділетті Қазақстанның идеологиялық тұғырнамасы. Бұл – Ата Заңымыздың мәнін ашатын тұжырым. Конституциямызда ең жоғарғы құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Құқық – бұл ізгілік пен әділеттілік өнері» деген сөздің терең мағынасына мән беріп, «Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамда тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажет екенін» ерек ше атап өтті. Меніңше, бұл идеологиялық тұжырым – қоғамдық асыл мұраттардың, әсіресе мәдени, адамгершілік, отбасылық, ру хани және діни құндылықтарды, сондай-ақ еңбек ету, денсаулық сақтау, білім алу, меншік пен кәсіпкерлік бостандығы сияқты конституциялық кепілдіктерді сақтау қажеттілігін білдіреді. Қазіргі қоғамның басты ұстанымы – әділдік және қауіпсіздік. Осы бағытта жұмыс істеп жатқан мемлекеттің тиімді жобаларын өз деңгейінде насихаттау маңызды мәселе. Қоғам тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігі ең алды мен заң мен тәртіптің мызғымас болуына байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде айтқан сөзі – осы бағыттарға нақты бағдар береді. Шыныменде Мемлекет басшысы атап өткендей, заң — қысым жасау құралы емес, ол – әр азаматтың құқығы мен бостандығының сенімді қорғаны. Қоғамда әділеттілік орнауы үшін заң үстемдігі барлық деңгейде қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте тек мемлекеттік аппарат емес, бүкіл қоғам болып жұмыла жұмыс істегенде ғана біз көздеген биік мақсаттарға жете алатынымыз айдан анық. Қоғамда құқықтық сана мен мәдениет деңгейін арттыру, заңдылық қағидаттарын ілгерілету және заңды қағидасын орнату мақсатында «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажет. «Заң мен тәртіп» идеологемасының негізгі мақсаты - заңдылықты сақтау, азаматтардың заң бұзушыларға қарсы бір лесіп іс-қимыл жасауы, қоғамда құқықбұзушылықты мүлдем қабылдамау, елімізде жоғары құқықтық мәдениет қалыптасу, аза маттарды заңдарды қатаң сақтауға шақырады. Сот және құқық қорғау жүйелерін Әділетті Қазақстанды құрудағы қоғамның сұранысына қарай реформалану керек. Осы орайда даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген тамаша сөзін мақалама тұздық ретінде қолданып, әрбір азаматтың бойына құқықтық мәдениетті сіңіріп, жас ұрпаққа мектеп қабырғасынан бастап «Адал азамат» болуға тәрбие берген дұрыс деп есептеймін. Сондықтан жастар арасында қауіпсіз қоғам қалыптастыру мақсатында құқық бұзушылықтардың алдын алу іс-шараларын өткізіп тұрған абзал. Мемлекет азаматтарға өзін-өзі дамытуға, кәсіпкерлікпен айналысуға, білім алуға, кәсіби өсуге жағдай жасайды. Ал ма сылдық - әлеуметтік әділеттілікті бұзып, жалған өмірлік бағдар қалыптастырады және шынайы мұқтаж азаматтардың мүмкіндігін шектейді. Жауапкершілік тек талап қою емес, сонымен қатар ортақ іске үлес қосуға дайын болу. Әр азамат өзінің дамуына, отбасына, еңбегіне, заңды сақтауға жеке жауапты екенін сезінгенде ғана тұрақты және әділетті болашаққа жол ашылады. Қазіргі жағдайда көшедегі келеңсіздіктер мен ұсақ құқық бұзу шылықтан бастап кез келген қылмыстық құқық бұзушылықтың қайдай түрі болмасын бүкіл қоғам болып құқық бұзушылықты болдырмау үшін күрес жүргізу керек. Заң мен тәртіп жобасы бойынша құқық бұзушылықтың кез кел ген түріне мүлде төзбейтін әрі оны қатаң айыптайтын жағдайды қалыптастыра білгеніміз абзал. Ал тәртіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Бұл – заңдылық. Әр азамат еліміздің заңын құрметтесе, береке-бірлік те, бақуатты тұрмыс та болатыны айдан анық. Осы бағытта мемле кет пен қоғам дамуының кепілі болып саналатын заң мен тәртіпті басты құндылық ретінде ұстанып, мемлекетімізде әділеттілік пен тұрақтылықты орнықтыруға әр азамат өз үлесін қосуға міндетті. Қорытындылай келе, құқық бұзушылықпен күресте ең алдымен осы мәселенің алдын алу шаралары маңызды. Осы мақсатта қабылданатын жаңа заңдар мен құрылымдық өзгерістер – азаматтардың өмірін қауіпсіз әрі тұрақты етуге бағытталған нақты қадам. Заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіп орныққан елде ғана әділетті қоғам құрылады.
Данияр НҰРМАНОВ, аудан әкімінің орынбасары.
#заңментәртіп


