Қасым-Жомарт Тоқаев: «Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді»

666.JPG

Президент Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі.

«Мемлекет басшысы ретінде мен үшін Парламент – еліміздегі саяси жүйенің негізгі тірегі. Сондықтан алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады.

Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады.

Әрине, бұл жұмыстың бәрін табан астында, бір сәтте жүзеге асыру мүмкін емес. Тыңғылықты дайындық керек.

Сондықтан алдағы реформаның кейбір концептуалды тұстарына қатысты ой-пікірімді білдіргім келеді», – деді Мемлекет басшысы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Казахстане введены 7 из 10 проектов ВИЭ, запланированных на 2026 год
  • ОПРЕДЕЛЕНА ОЧЕРЕДНОСТЬ ВЫСТУПЛЕНИЙ УЧАСТНИКОВ ТЕЛЕДЕБАТОВ НА «24KZ»
  • БАСТЫ ДЕБАТҚА ҚАТЫСАТЫН ПАРТИЯЛАРДЫҢ РЕТТІК НӨМІРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ!
  • Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау
  • Таза Қазақстан