ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

96d32d4a-9096-4690-beb8-e60317e20099.jpg

2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жариялаған Жолдауын ұжым болып ерекше ықыласпен тыңдап шықтық. Бұл Жолдау - ел дамуының жаңа бағытын айқындады.

Президент өз сөзінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, адами капиталды нығайтуға және тиімді мемлекеттік басқаруға қатысты бірқатар маңызды бастамаларды ұсынды. Жолдауда кәсіпкерлікті қолдау, салық-бюджет саясатын жетілдіру және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері кеңінен қамтылды. Президенттің бұл Жолдауы – елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге арналған нақты стратегиялық бағдар болып табылады.

Жасанды интеллект дәуірінде адам капиталының сапасы ерекше маңызға ие. Президент Жолдауында білім беру жүйесін түбегейлі реформалау қажеттілігі атап көрсетілді. Жоғары оқу орындары мен мектептер цифрлық сауаттылыққа, бағдарламалау, алгоритмдік ойлау сияқты дағдыларға басымдық беруі керек. Сонымен қатар, жасанды интеллект саласында отандық кадрларды даярлау – басты міндеттердің бірі.

Ғылым мен инновацияны қолдау арқылы ғана біз өзіміздің бәсекеге қабілетті IT-индус-триямызды дамыта аламыз. Осы тұрғыда Президенттің инновациялық экожүйені қалып-тастыруға, стартаптарды қолдауға бағытталған ұсыныстары ерекше маңызға ие.

Биылғы Жолдауда осы бағыттар жөнінде айтылып, олар тез арада іске асу қажеттігін шегелеп айтты. Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеліп, осы жұмыстарды іске асырудың нақты жолдарын жуық арада ұсыну жөнінде тапсырмалар жүктеді.

Жолдауда Президент басым бағыттарға тоқталып, білім сапасын арттыру, ғылыми жобаларды қолдау және кадр даярлаудың жаңа форматына көшудің маңызын атап өтті.

  Біздің «Үлгілі» орта мектебінің  ұжымы да Мемлекет басшысының ұсынған реформаларын қолдайтынын білдіріп, оларды іске асыруға өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді.

             Гүлнұр ТАҢАТҚЫЗЫ, «Үлгілі» орта мектебінің мұғалімі.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЖАСТАРҒА СЕНІМ АРТЫЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
  • Жолдауға қолдау
  • Түркістан облысының прокуратурасы
  • Прокуратура