БАКАД пайдаланушыларына жеңілдік абонементтері заң бұзушылықтармен берілген

76bdd249-da02-4d08-ad73-59980c1052b5.jpg

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «БАКАД Инвестициялар және Операциялар» ЖШС-нің қызметіне қатысты тұтынушылардың өтініштерін қарады. Қарау нәтижесінде ЖШС-нің әрекеттерінде Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын пайдаланушыларға жеңілдік абонементтерін ресімдеу кезінде адал емес бәсекелестік белгілері анықталды.

Атап айтқанда, жеке тұлғаларға жеңілдік абонементтерін ресімдеу кезінде серіктестік қосымша құжаттарды, оның ішінде көлік құралын тіркеу мекенжайы көрсетілген анықтаманы сұратқаны анықталды. Бұл талап қосымша кедергілер туғызды және жеңілдік абонементін ресімдеу құқығын жүзеге асыруға тосқауыл жасап, қызметтің қолжетімділігіне әсер етіп, бәсекелестікті шектеу белгілерін тудыруы мүмкін еді.

Анықталған бәсекелестік заңнамасын бұзу фактілері негізінде департамент тарапынан серіктестікке жеңілдік абонементін ресімдеу кезінде қарастырылмаған қосымша құжаттарды сұратуды тоқтату туралы хабарлама жолданды. Қазіргі уақытта серіктестік аталған хабарламаны толық көлемде орындады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Токаев подтвердил ставку на маршрут Север-Юг в сотрудничестве с Россией Варианты заголовков
  • Адам құқығы басты назарда
  • Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті
  • Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды
  • ЖЕҢІСКЕ ТОЛЫ ЖАҢАЛЫҚ!