АЛАТАУ ҚАЛАСЫ «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ» СИМВОЛЫ БОЛАДЫ

ac3402fc-d336-4c64-afec-8b11f49cc43f.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда Алатау қаласына арнайы мәртебе беру туралы бастамасы – еліміздің  урбанизация, экономикалық даму және инновациялық серпіліс бағытындағы аса маңызды стратегиялық қадамы.

Алатау қаласының үкіметке тікелей бағынатын ерекше статусқа ие болуы – оның республикалық деңгейдегі басым жоба екенін көрсетеді.

Мұндай мәртебе қаланың дамуын бюрократиялық кедергілерден арылтып, жедел әрі тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бұл – тек әкімшілік реформа емес, сонымен қатар жаңа буын қалаларды дамытудың жаңа моделі.

Президенттің Қытаймен жасалған ке-лісімдерге ерекше тоқталуы да бекер емес. Шеньжень сияқты жаһандық технополисті салуға қатысқан компа-нияның Alatau City жобасына тартылуы – Қазақстанға заманауи технология мен тәжірибені әкелетін үлкен мүмкіндік. Бұл қала алдағы уақытта ІТ, ғылым, инновация, стартаптар және жоғары технологиялар орталығына айналуы мүмкін.

Қаланың құрылысы мен дамуын тек қағаз жүзінде қалдырмау туралы Президенттің нақты ескертуі – бұл бастамаға формалды емес, мазмұнды, нәтижеге бағытталған көзқарас қажет екенін білдіреді. Жарты жылдың ішінде арнайы заң жобасын әзірлеу туралы тапсырма – басқару жүйесін, қаржыландыру моделін және қала тіршілігін реттейтін тиімді механизмдер жасауға бағытталған нақты талап.

Ахмет БАСШЫБАЕВ, аудандық тарихи - өлкетану музейінің директоры.

  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Токаев подтвердил ставку на маршрут Север-Юг в сотрудничестве с Россией Варианты заголовков
  • Адам құқығы басты назарда
  • Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті
  • Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды
  • ЖЕҢІСКЕ ТОЛЫ ЖАҢАЛЫҚ!