ЖОЛДАУДА БЕЛГІЛЕНГЕН МАҚСАТТАРДЫ БІРГЕ ОРЫНДАП, ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ БІРГЕ ҚҰРАЙЫҚ!

DSC_0473.JPG

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан  халқына өзінің Жолдауын арнады.  

 Жолдауда Президент көтерген мәселелер – барлығымыздың күнделікті өмірімізге тікелей қатысты. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, әділетті Қазақстанды құру, білім мен ғылымды қолдау, ауылды дамыту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – барлығы да мемлекет дамуының жаңа кезеңін білдіреді.

Жолдауда жастарға ерекше көңіл бөлініп, олардың сапалы білім алып, жаңа технологияларды игеруіне, кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау қажеттілігі атап өтті. Бұл – болашағымыздың кепілі. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласын жетілдіру, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, өңірлерді дамыту мәселелері де нақты шешімін табатын болды.

Президент Жолдауы – еліміздің бірлігі мен тұрақтылығының, халықтың әл-ауқатының артуына бағытталған нақты іс-шаралар жиынтығы. Әрбір қазақстандық осы бастамаларды қолдап, жүзеге асыруға өз үлесін қосса, еліміз жаңа белестерді бағындыратынына сенім мол.

Дана халқымызда «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген қанатты сөз бар. Сондықтан Жолдауда белгіленген мақсаттарды бірге орындап, Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

Күмісбек ЕРБАЕВ, «Балқаш өңірі» газетінің директор-бас редакторы.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ерлан Қарин: «Жалпы саны, конституциялық реформаға қатысты 7 саяси партия, 16 қоғамдық ұйым өз ұсын
  • ️Ерлан Қарин Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының атқарған ісіне тоқталды
  • Мемлекеттік кеңесші - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин
  • Эльвира Азимова: Конституциялық реформа қоғамның барлық саласында кең талқылауға ие болды
  • Эльвира Азимова озвучила ключевые цели и задачи Конституционной реформы