Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды

f5de5f21-3073-44f3-9367-4dcfbba0ab8b.jpg

    Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды. Барлық заңды тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер санақтан sanaq.gov.kz сайтында өте алады.

    Бюроның тіркеліміне сәйкес, Алматы облысы бойынша санақ 1,8 мың кәсіпорынды және 29 мың шаруа, фермер қожалықтарын және жеке кәсіпкерлерді қамтуы тиіс. Тамыз айында облыс бойынша онлайн-санаққа 27,2 мың респондент қатысты.

    Онлайн-санақ кезеңі жақсы нәтиже көрсетті. Жедел деректерге негізделсек, Алматы облысы бойынша сайт арқылы сауалнамаға ауыл шаруашылығы құрылымдарының 86,6%-ы қатысты. Айта кету керек, жалпы тізімге ұзақ уақыт бойы белсенділігі жоқ, бірақ тіркеуде тұрған кәсіпорындар мен қожалықтар да енгізілген. Сондай-ақ байланыс деректері өзекті емес субъектілер бар. Бұдан бөлек, кейбір респонденттер жұмысбастылығына байланысты санақтан уақытында өте алмаған. Қосымша берілген 20 күн олардың осындай маңызды мемлекеттік науқаннан тыс қалмауына мүмкіндік береді. 

    Еске сала кетейік, онлайн-санақ кезеңі 1 тамызда басталып, 31 тамызда аяқталуы тиіс болған. Интервьюерлердің үй шаруашылықтарын аралайтын екінші кезең 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін болады.

    Ауыл шаруашылығы санағына қатысты барлық сұрақ бойынша 1446 байланыс орталығына сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қоңырау шалуға немесе санақ сайтында орналасқан Sanaq myrza чат-ботына жазуға болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Меню «Закон и порядок»: в Алматинской области продолжается системная работа по профилактике коррупц
  • Заң мен тәртіп: Алматы облысында сыбайлас жемқорлық көрсеткіші 75 пайызға төмендеді
  • Дені сау ұрпақ - есірткісіз қоғамның негізі
  • Жол қауіпсіздігін ұстанайық!
  • Бас прокуратура 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын шығарды