Қонаевта жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр

2a600a92-00b2-4b8e-9228-28aaa5adb1a9.jpg

    Бұл туралы ШЖҚ «Жылу Орталығы» МКК директоры Ержан Шоқан мәлімдеді. 

    Мекеме басшысының сөзінше, биыл жылу желілерінің 2,6 шақырымы жөнделеді. Қазіргі таңда оның 1,5 шақырымында жұмыстар аяқталған. 

    «26 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында қалада ыстық су өшіріледі. Бұл шара жөнделген аумақтарды тексеру үшін жасалады. 20 күн ішінде жұмыстарды аяқтауға тырысамыз. Осы уақыт аралығында қазандықтар мен оның жабдықтары да ағымдағы жөндеуден өтпек. Аталған іс-шаралар 2025-2026 жылғы жылыту маусымын үзіліссіз өткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде жоспарланған жұмыстың 72%-ы орындалды», - деді Ержан Шоқан. 

63f95e39-452d-4513-8163-b4452dc9f620.jpg

    Ал 2026 жылы жаңа 4 қазандық іске қосылады деп жоспарлануда. 

    Жалпы орталықтандырылған жылыту жүйесіне 32 мыңнан астам абонент қосылған. Оның ішінде 29 мыңы көпқабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар болса, қалғаны жеке сектор. Жылу орталығында 10 қазандық орналасқан. 

    Үйлері қатты отынмен жылытылатын тұрғындардың назарына айта кетсек, Сейфуллин көшесіндегі көмір тұйығы жұмыс істеп тұр. Онда қаражыра көмірі сатылуда, бағасы тоннасына 21-22 мың теңгені құрайды. 

    Тұрғындарға, пәтер иелері кооперативтеріне, қарапайым серіктестіктерге жылыту маусымына 100 пайыз дайындалу қажет екенін ескертеміз. Жылыту батареяларын, сорғыларды, элеваторды тексеріп шығу керек.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
  • Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, туристік инфрақұрылымды орнықты
  • По поручению Президента Правительство приняло единую Концепцию «Дети Казахстана»
  • «Еңбек бостандығының» орнына «еңбекке құқық» – белгілі заңгер Конституцияға өзгерістер туралы пікір
  • «Право на труд» вместо прежней «свободы труда» – известный юрист о поправках в Конституцию