Ауыл шаруашылығы санағы – агросаланы дамытуға бастар жол.

a2765c8e-d4f3-47a5-a0e6-cb53b1c74709.jpg

    Ауыл шаруашылығы – еліміздің экономикасының маңызды тірегі. Агросаланың дамуы нақты әрі сенімді статистикалық деректерге сүйенеді. Осы мақсатта елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізілуде. Алматы облысындағы санақ барысы туралы ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының облыстық департамент басшысы Бағлан Абайбекұоы Қарғұлов баспасөз мәслихатында баяндады.

    Биыл облыста 30 777 ауыл шаруашылығы құрылымы санаққа қатысуы тиіс. Оның ішінде 1 814-і – заңды тұлғалар, ал қалған 28 963-і – шаруа және фермер қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер. Санақ екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең – 1-31 тамыз аралығында онлайн форматта, екінші кезең – онлайн тіркелмегендерге интервьюерлердің барып сауалнама жүргізуі.

    – «Әзіргі таңда  күніне облыс бойынша шамамен 1026 шаруашылықты қамтуымыз керек. Санақтың сапалы әрі уақтылы өтуі әр ауданның белсенділігіне байланысты. Қазір Ұйғыр, Жамбыл және Райымбек аудандары жақсы қарқын көрсетуде», – деді Бағлан Қарғұлов.

    Онлайн санақтан өту үшін sanaq.gov.kz сайтына тіркеліп, сауалнаманы толтыру жеткілікті. Онлайн қатыспағандар үшін облыста 151 өзіне-өзі қызмет көрсету пункті ашылған. Мұнда қажетті техника мен мамандар көмек көрсетеді. Сонымен қатар, сайтта бейненұсқаулықтар мен тәулік бойы жұмыс істейтін «SANAQ мырза» чат-боты қолжетімді.

    – «Санақ нәтижелері ауылдағы субсидия бөлу, қойма және техника алу сияқты нақты шешімдерге ықпал етеді. Сондықтан әрбір шаруа, фермер, тіпті үй шаруашылығымен айналысатын тұрғын да бұл науқаннан тыс қалмауы керек», – деді департамент басшысы.

    Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына қатысу – елдің агроөнеркәсібін дамытудың берік негізі. Бұл науқанға атсалысу арқылы әр азамат елдің болашағына үлес қосады. Өйткені бүгін жиналған деректер – ертеңгі даму кепілі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл шаруашылығы санағы – агросаланы дамытуға бастар жол.
  • ҮЕҰ үшін сыйлықақыға өтінім қабылдаудың аяқталуына санаулы күндер қалды
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі
  • Алматинская область наращивает темпы аграрного роста благодаря господдержке
  • «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман».