2025 жылдың 7 айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,3% болды

cbacd0be-2769-4b9f-a656-996f175c3005.jpg

    Сауда 8,6%-ға өсті (2025 жылдың қаңтар–маусымында 8,4%). Есепті кезеңде көтерме сауда 9,5%-ға өсіп, жалпы өсімнің 66%-дан астамын қамтыды, бөлшек сауда 6,6%-ға артты. Айтарлықтай динамика Қостанай облысында (+17,6%), Солтүстік Қазақстан облысында (+12%) және Астанада (+9,2%) байқалды, мұнда астық, агрохимия, азық-түлік, отын, фармацевтика өнімдерін және техника сату көрсеткіштері қарқынды түрде өсіп келеді.

Өнеркәсіп өндірісіндегі өсім – 6,9%. Еліміздің барлық өңірінде өсім байқалды, бірақ динамика бойынша көшбасшылар – Жамбыл облысы (+18,2%), Солтүстік Қазақстан облысы (+14,9%), Шымкент (+15,8%) және Алматы (+13,5%), сондай-ақ Түркістан облысы (+12,3%).

Өңдеу өнеркәсібіндегі өсімді (6,1%) машина жасау (+14%), азық-түлік (+9,2%), мұнай өнімдері (+8,6%), химия өнеркәсібі (+6%) және металлургия (+1,3%) көрсетіп отыр.

Ауыл, орман және балық шаруашылықтарындағы өндіріс көлемі 3,7% деңгейінде сақталды. Мал шаруашылығындағы өсім сүт (+6,1%), мал, құс бордақылау (+2,1%) және жұмыртқа (+0,9%) есебінен 3,4%-ға жетті.
Үкімет экономикадағы негізгі салаларды қолдауға, оны әртараптандыруға және инвестициялық белсенділікті ынталандыруға ерекше назар аудара отырып, экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету жөніндегі Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру барысын бақылауда ұстап отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Новый рекорд: поступления в государственный бюджет в Алматинской области превысили 1 трлн тенге
  • Жаңа рекорд: Алматы облысының мемлекеттік бюджетке түсімдері 1 трлн теңгеден асты
  • Сегодня Казахстан и Евросоюз начнут переговоры об упрощении визового режима
  • «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді
  • Телеканалы «Qazaqstan» и «Qazsport» покажут бой Жанибека Алимханулы в прямом эфире