Алматы облысында 31 мыңға жуық ауыл шаруашылығы өндірушілері Ұлттық санақтан өтеді

760bc89b-1a73-4c1a-bdad-8a0182cc6c8c.jpg

        Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – он жылда бір рет өткізілетін маңызды мемлекеттік науқан. Санақ барысында ауыл шаруашылығы саласындағы нақты жағдайға қатысты маңызды деректер жиналады: өндіріс көлемі, техникамен қамтамасыз етілуі, мал басы, жер пайдалануы және тағы басқа көрсеткіштер.

    – Ауыл шаруашылығы санағы – елдің аграрлық саясатын дұрыс жоспарлау үшін қажет. Әрбір фермердің жауабы субсидиялар, техника және инфрақұрылым бөлу сияқты нақты шешімдерге ықпал етеді, – дейді Алматы облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Бағлан Қарғұлов.

        Санақ 31 тамызға дейін sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде өтеді. Қатысу үшін ЭЦҚ, SMS немесе eGovMobile қосымшасы арқылы тіркелуге болады. Онлайн формат –  уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, мәліметтерді жылдамырақ жинауға және өңдеуге жол ашады.

     Алматы облысында 1700-ден астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны мен 29 мыңға жуық шаруа қожалығы және жеке кәсіпкер қамтылады.

      Спикердің айтуынша, онлайн форматта өтпеген респонденттерді 20 қыркүйектен бастап интервьюерлер аралайтын болады. Интернетке қолжетімділігі жоқ азаматтар үшін облыс аумағында 151 өзіне-өзі қызмет көрсету пункті жұмыс істеп тұр.

      Сауалнамада берілген барлық ақпарат құпия сақталады және тек статистикалық мақсатта пайдаланылады. Техникалық немесе мазмұндық сұрақтар туындаған жағдайда 1446 нөміріне хабарласуға болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ЦИК Кыргызстана отметил высокий уровень подготовки референдума
  • Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты.
  • Алатау қаласында жаңа қоғамдық көлік маршруттары іске қосылды
  • Халықаралық бақылаушы Ахмет Йенер: Қазақстандағы референдум ашық әрі жоғары белсенділікпен өтті
  • Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой