ДАЛА ТӨСІН ДҮБІРГЕ БӨЛЕУДЕ
Ерте көктемнен кетпен-күректерін қолға алып, егін егу жұмыстарына білек сыбана кіріскен диқаншылардың ала-жаздай төккен терлерінің өтелетін уақыты да келіп жетті. Олай дейтініміз, аудан диқан-шылары шілде айы басталғалы арпа – бидай ору жұмыстарын жандандырып, дала төсінде қызу еңбектің көрігін қыздырып жатыр.
Аграрлы ауданымыздағы егін шаруашылығының тасын өрге дөңгелетіп жүрген диқан-шылар қауымы бұл күндерді тағатсыздана күткендері жасы-рын емес. Балаша баптаған дәнді дақылдардың өсіп жетілуін жіті қадағалаған диқаншылардың бар арманы егін орағын уақтылы жүргізіп, дәнді ысырапсыз жинап алу. Бұл жауапты науқанда атқарылатын жүйелі жұмыс аудан әкімінің тікелей назарын-да тұр. Сондықтан болар осы салаға жауапты мамандардың егіс алқабында атқарылып жатқан жұмыстарға бей–жай қарамайтындары.
Аудандық ауыл шаруа-шылығы саласының маманда-рының мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша биылғы жылы 16124,1 гектар суармалы жер-ге егін егілсе, оның 5066 гектарына арпа – бидай және 500 гектарға сұлы, ал 7000 гектар жерге күріш дақылдарын сіңірген. Бүгінгі таңда аудан диқаншылары арпа-бидай ора-ғының 510 гектарын басты-рып үлгерген.
Ерте тұрып, кеш жатып, күні бойы дала төсінде күннің аптап ыстығына қарамастан егін орағын дамылдатып, бар күш – жігерлерін жұмсап, жауапты науқанды қарқынды жүргізіп жатқан шаруашылықтардың бірі - Ақдала ауылдық окру-гіне қарасты «Марат» шаруа қожалығы. Біз атал-мыш шаруашылықтың егіс алқабына арнайы атбасын бұрғанымызда ол жерде бө-лімше басшысы Нұркен Пұшанов механизаторлар Әлихан Көшербаев пен Ғалым Қоржынбаевқа шаруашылыққа тиесілі 90 гектар суармалы жерге егілген бидай дақылының әр гектарынан 18 центнерден өнім алу жоспары орындала ма?- деген сұрақты қызу талқылап тұр екен. Аталмыш шаруашылық бүгінгі таңда егілген бидайдың 90 пайызын бастырып үлгерген. Олар бидай орағын сапалы атқару мақсатында бір «MacDon» және бір «Claas Trion 730» комбайндарын, сонымен қатар астық тасмалдауға екі “Камаз” автокөліктерін жұмылдырған.
Аталмыш шаруашылықтың бар жұмысын ойдағыдай ат-қарып, егістік алқапты бес саусақтай меңгерген бөлімше басшысы бидай алқабынан шыққан сәтте бізге жол сілтеп, 120 гектар жерге егілген күріш дақылын көрсетті.
Иә, мақтанарлық шаруа ат-қарылып жатқандары көрініп-ақ тұр. Өйткені шалқыған су-ды бойлай өскен ақ күмістей астық жайқалып, самал желмен шайқалып, дән қауыздары да ашыла бастаған.
Әңгіме барысында Нұркен Пұшанов 300 гектар суармалы жерге егілген жоңышқа шөбінің бірінші орылымын ойдағыдай аяқтап, 8000 орама шөп басты-рып, қысқы мал азығын дайын-дап қойғанын және 8 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырғанын айтты.
Қазіргі таңда аудан диқан-шылары үшін арпа – бидай ору жауапты науқан. Ал жауапты науқанға білек сыбана кіріскен «Марат» ШҚ-ғы аудан көле-мінде көш бастап тұр.
Егіс алқабындағы қай жұмысты мысалға алсаң да, оңай олжа өңгеріп, ырғын пайдаға шаш - етектен кенеле бермейтінің хақ. Аса төзімділікті қажет ететін диқаншылардың жұмысы қаншалықты күрделі болса, олардың несібесі де сон-шалықты арта түседі.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ