Мемлекет басшысы отандық ЖИ жобаларымен танысты

2.JPG

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық суперкомпьютер орталығында MedTech, EdTech, GovTech және өнеркәсіп салаларындағы отандық IT-шешімдер таныстырылды.

Атап айтқанда:

SmartCity Astana жобасы инновациялық технологияларды енгізу арқылы қаладағы өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. Жасанды интеллектіні қолданатын 100 мыңнан аса бейнебақылау камерасы іске қосылып, елорданың цифрлық сыңары жасалады. Бұл қоғамдық орындардағы ықтимал тәуекелдерді онлайн-режимде анықтап, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Жобаны жеке серіктес толығымен қаржыландырады.

AlemLLM жобасы – дәлдігі жоғары қазақ тілінің үлкен тіл моделі. Жергілікті қолданысқа бейімделген. Модель балама шешімдердің арасында үздік көрсеткіштерге ие және түрлі салада кеңінен қолданысқа арналған.

AI Kitap жобасы – цифрлық AI-оқулықтарға арналған платформа. Әр оқушының білім деңгейіне, сабақ үлгеріміне және жеке талғамына қарай оқыта алады.

Baspana Hub – азаматтардың тұрғын үйге сұраныстарын онлайн түрде шешуге арналған цифрлық экожүйе. Жүйе арқылы маркетплейстен үй іздеп, сатып алуға, жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік қызметтерді алуға, жөндеу жұмыстарының немесе құрылыс материалдарының онлайн-сметасына тапсырыс беруге болады. Жоба сырттан қаржы, инвестиция тартпай жүзеге асырылған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ЦИК Кыргызстана отметил высокий уровень подготовки референдума
  • Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты.
  • Алатау қаласында жаңа қоғамдық көлік маршруттары іске қосылды
  • Халықаралық бақылаушы Ахмет Йенер: Қазақстандағы референдум ашық әрі жоғары белсенділікпен өтті
  • Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой