OCEANMAN QAZAQSTAN – 2025

e2cfd39e-6707-436b-b396-594ca60aaba8.jpg

    «OCEANMAN QAZAQSTAN – 2025» Қонаев қаласында халықаралық жүзу жарысы өтеді

2025 жылы 5–6 шілде күндері Қонаев қаласындағы Heaven Club демалыс аймағында ашық суда жүзуден халықаралық OCEANMAN-2025 жарысы өтеді. Бұл туралы Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Шахарбек мәлімдеді.

    2022 жылдан бастап жарыс тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстанда ғана емес, шетелдік спортшылар арасында да танымалдылыққа ие. Жыл сайын қатысушылар саны артып, жарысқа қатысатын елдердің географиялық ауқымы да кеңеюде.

    Жарысқа кәсіби спортшылармен бірге әртүрлі жастағы әуесқой жүзгіштер де қатысады. Жеңімпаздар жас санаттары бойынша анықталып, арнайы салтанатты рәсімде марапатталады.

    Жарыс бағдарламасына келесі қашықтықтар кіреді:

10 000 м (OCEANMAN),

5 000 м (HALF OCEANMAN),

2 000 м (SPRINT),

500 м (OCEANKIDS),

3х500 м (OCEANTEAMS).

    Жүзу кезінде спортшылардың қауіпсіздігін арнайы құтқару қызметі қамтамасыз етеді.

Бұл жарыс әлемнің әр түкпірінен әуесқойлар мен кәсіби спортшыларды жинап, Қазақстанда ашық суда жүзу спортының дамуына серпін бермек.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Новый рекорд: поступления в государственный бюджет в Алматинской области превысили 1 трлн тенге
  • Жаңа рекорд: Алматы облысының мемлекеттік бюджетке түсімдері 1 трлн теңгеден асты
  • Сегодня Казахстан и Евросоюз начнут переговоры об упрощении визового режима
  • «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді
  • Телеканалы «Qazaqstan» и «Qazsport» покажут бой Жанибека Алимханулы в прямом эфире