«ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпін

fc8b56c2-2665-4356-9c72-42a3a51d28d7.jpg

Алматы облысында алғаш рет жастармен жұмыс істейтін әдіскер-нұсқаушыларға арналған «ŪMTYLYS» байқауы өтпек. Бұл бастама – мемлекеттік жастар саясатын жергілікті деңгейде тиімді жүргізіп жүрген мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты  барысында Алматы облысы жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кенешев мәлімдеді.

Бұл бастаманың мақсаты – ауылдық деңгейде жастармен тікелей жұмыс істейтін мамандардың кәсіби шеберлігі мен ұйымдастырушылық қабілетін арттыру.Байқау екі кезеңнен тұрады:

Іріктеу кезеңі 1-15 шілде аралығында аудан және қала деңгейінде өтеді;

Қорытынды кезеңі 29-30 шілде күндері Қонаев қаласында ұйымдастырылады.

Қатысушылардан портфолио, эссе, соңғы бір жылдағы жетістіктері, кәсіби біліктілігі, жобасының өзектілігі, нәтижелілігі мен жаңашылдығы, көпшілік алдында өз идеясын қорғау қабілеті ескеріледі.


Жеңімпаздар 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай марапатталып, ақпараттар ресми БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланады.


Бұл бастама – ауыл жастарына арналған нақты жобаларды қолдау және жастар ісі мамандарының беделін арттыру жолындағы маңызды қадам.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпін
  • «Таза Қазақстан»: Алматы облысында «Таза орта – саналы қоғам» акциясы өтті
  • «Таза Қазақстан»: в Алматинской области прошла акция «Таза орта – саналы қоғам»
  • ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
  • М.СЕҢГІРБАЕВ МЕКТЕБІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ