Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайының IV–ші отырысында берілген тапсырмаларын талқылау және іске асыру жөніндегі IV –ші шақырылған Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қазыбек Дауталиев ауданымызға арнайы келіп, аудан әкімі Азат Құтпанбетовтың қатысуымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Жаңа қоғам жағдайындағы жергілікті қоғамдық бақылау: өңірлік мәселелер және шешу жолдары» тақырыбында облыстық Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысын өткізді.
Аудан тұрғындарымен өткізілген облыстық Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысында алғашқы сөз алған облыстық Қоғамдық кеңестің аграрлық сектор жөніндегі комиссия төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Алматы облысының және Балқаш ауданының Құрметті азаматы, жерлесіміз Тынышбай Досымбеков табиғатты аялау, дала жануарларының санын арттыру, облыс көлемінде қой шаруашылығын дамыту және жүн, тері өңдеу өндіріс орындарын іске қосу жайында бірқатар мәселелердің жоспарда тұр-ғанын айтып, осы бағытта қазіргі ғылымның атқарып жатқан жоспарлы жұмыстары жайында әңгіме өрбітсе, аудан әкімі Азат Құтпанбетов Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы берген тапсырмаларының аудан деңгейінде атқарылып жатқанын және алдағы уақытта аграрлы өңірімізде атқарылатын ауқымды жұмыстар жайында баяндама жасады.
Келесі кезекте сөз алған Қазақстан Республикасы Пре-зиденті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры, заң ғылымдарының кандидаты, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қазыбек Нүрсейітұлы «Жаңа қоғам құру ісіндегі заң және тәртіп: азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуын қамтамасыз етудің өңірлік мәселелері» тақырыбында облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, «Адал адам, адал еңбек, адал табыс» қағидасын қалыптастыру, ұлт-тық құндылықтарды кеңінен дәріптеу жөнінде өз пікірін білдірді.
Сондай - ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, «Таңбалы тас» мемлекеттік тарихи – мәдениет және табиғи музей – қорығының директоры, ауданның Құрметті азаматы, жерлесіміз Бибігүл Дандығараева облыс аумағындағы тарихи – мәдени ескерткіштердің қорғалуы және «қара археологтармен» күрес жүргізуде жергілікті мемлекеттік органдардың атқаратын рөлі жайында мәсе-лелерге баса тоқталды.
Мұнан соң «Azamatsha KZ» ҚҚ төрайымы Мадина Маратқызы көпбалалы аналардың қоғамда алар орны және олардың өмір сү-ру қағидалары мен кәсіпкерлікпен айналысуы, ұрпақ тәрбиесіндегі аналар қауымының рөлі жайында өз ойын ортаға салса, облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, медицина ғылымдарының кандидаты, жерлесіміз Зинаш Көпжасарқызы ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдірудің және санитарлық- эпидемиялық қызметтің мәселелерін көтерді.
Күн тәртібіндегі баяндамалар аяқталғаннан кейін аудан тұрғындары міндетті медици-налық сақтандыру мәселесін және аудан көлемінде аң – құс аулауға манитория жариялау, әлеуметтік желілерде би тәрбие сөз сөйлеген азаматтарға шара қолданылса жол бойында сауда – саттық жасау үшін орман шаруашылығынан жер телімін алу мәселесі жеңілдетілсе, аудан көлеміндегі саябақтарды күтіп – баптау мақсатында мемлекеттен бөлінетін қаражатты аудандық мекемелерге тиесілі болса деген мәселелерді ортаға салды.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Азат Үкітайұлы жоғарыда көтерілген мәселелерге және аграрлы ауданымыздың болашағы жайында қысқаша тоқталып өтті.
Өз тілшімізден.