Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ашық есік күні

bbc5fdce-2805-4994-b51c-3c7fbcc0e7ca.jpg

Ағымдағы жылдың 24 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде жұртшылық өкілдері үшін Ашық есік күні өтті.


Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және азаматтардың құқық қорғау органдарының қызметіне деген сенімін нығайту мақсатында ұйымдастырылды.


Қатысушыларға Департамент бойынша экскурсия жүргізіліп, ақпараттық-талдау материалдары көрсетіліп, жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану бойынша кеңестер берілді.


Шара барысында Департамент қызметкерлері келушілерді мемлекеттік жемқорлыққа қарсы саясаттың басымдықтарымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының негізгі бағыттарымен, сондай-ақ өңір аумағында жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөніндегі шараларды іске асыру нәтижелерімен таныстырды.


Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік процестердің ашықтығын арттыру және жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл кезінде белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығына ерекше назар аударылды.


Өткізілген іс-шара азаматтардың хабардарлық деңгейін арттыруға мүмкіндік беріп, жемқорлық әрекеттерге төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бас прокуратура 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын шығарды
  • Генеральная прокуратура подвела итоги работы за первое полугодие 2026 года
  • Генеральная прокуратура подвела итоги работы за первое полугодие 2026 года
  • Читающая нация: в Алматинской области планируется увеличить число читателей до 100 тысяч человек
  • Кітап оқитын ұлт: Алматы облысындағы оқырман санын 100 мыңға жеткізу жоспарлануда