Аттестат алу – әр оқушының өміріндегі ерекше әрі жауапты кезең

    c481deb9-b6fb-443f-ac7e-febdf64cd3b2.jpg

    Құрметті Алматы облысының ата-аналары мен 9 және 11-сынып түлектері!

Аттестат алу – әр оқушының өміріндегі ерекше әрі жауапты кезең. Бұл — жылдар бойы алған білім мен еңбектің қорытындысы, жаңа өмірге жасалатын маңызды қадам. Сол себепті бұл сәттің тыныш, қауіпсіз әрі мәдениетті түрде өтуі баршамыз үшін аса маңызды.

decc17cf-4a3c-4a01-baf8-2a5bb6643187.jpg    Осыған орай, аттестат тапсыру рәсіміне байланысты келесі ережелерді сақтау қажет екенін еске саламыз:

Аттестат тапсыру – бұл ресми шара.

Сол себепті төмендегі әрекеттерге қатаң тыйым салынады:

???? Көлікпен кортеж (шеру) ұйымдастыруға;

???? Қатты музыка қойып, көшеде тойлауға;

???? Мейрамхана, кафелерде, демалыс орындарында жаппай бас қосуға;

???? Қала ішінде немесе тұрғын аудандарда қозғалысты қиындататын іс-әрекеттерге баруға болмайды.

⚠ Қауіпсіздік шараларын ұмытпаңыздар:

⛔ Тау, өзен-көл секілді қауіпті жерлерге бармаңыздар;

???? Әлеуметтік желілердегі қауіпті, өмірге қатер төндіретін челлендждерге қатыспаңыздар;

???? Рәсім аяқталған соң үйге бірден оралу ұсынылады.

‼️ Құрметті ата-аналар!

Осы маңызды күнде балаларыңыздың тәртібіне мұқият назар аударып, қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
  • М.СЕҢГІРБАЕВ МЕКТЕБІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
  • Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» жаңа цифрлық сервисті іске қосты
  • Министерство внутренних дел запустило новый цифровой сервис «Закон и Порядок».
  • «Заң мен тәртіп»