«Заң және тәртіп» іс жүзінде: Алматы облысының әлеуметтік саласындағы жемқорлықтың алдын алу

    «Заң және тәртіп» нарративін іске асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметкерлеріне түсіндіру дәрісі өткізілді.

     Іс-шара мемлекеттік секторда заңдылық қағидаттарын нығайту және жемқорлыққа қарсы тұрақты құқықтық сана қалыптастыруға бағытталды.

     Қор қызметкерлерінің жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алудың заманауи тетіктері бойынша хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік қалыптастыруға ерекше мән берілді.

     Дәріс барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі аспектілері ұсынылды және Қор функцияларын іске асыру процесінде туындайтын жемқорлық тәуекелдерінің типтік түрлері талданып, оларды азайту бойынша ұсыныстар берілді.

     Сонымен қатар, әрбір қызметкердің заң талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау жөніндегі дербес жауапкершілігіне баса назар аударылды.

     Департамент мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдар қызметіндегі ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты іске асырудағы басым міндеттердің бірі болып қала беретінін атап көрсетеді.

 #Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#Заңбәрінеортақ


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ЭМОМАЛИ РАХМОНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
  • Защищать природу нужно параллельно с развитием Алматинского горного кластера
  • Глава государства провел встречу с Президентом Таджикистана Эмомали Рахмоном
  • В Алматинской области стартовал проект «TURGYNDAR AMANATY» партии «AMANAT»
  • Алматы облысында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы бастау алды