Заң және тәртіп болашақтың негізі ретінде

6e6136da-39be-47db-b38c-5c164f70c37f.jpg

    Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мереке өткізді

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облыстық №1 балалар үйінің 170 тәрбиеленушісіне игі де мәнді дәстүрге айналған мереке ұйымдастырды.

     Мұндай іс-шаралар Департаментпен жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күні – 1 маусым қарсаңында өткізіледі.

     Ағымдағы жылы мереке балалар үшін тағы да жарқын және оқиғаға толы шараға айналып, қуаныш, жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсерлердің көзі болды. Іс-шара түрлі бағыттар бойынша қызықты шеберлік сабақтарынан тұрды: шығармашылық, спорт, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және командалық жұмыс дағдыларын дамыту. Көздері жарқыраған балалар барлық мастер-кластарға, эстафеталық жарыстарға қатысып, жаңа нәрселерді құлшыныспен үйренді. Жылылық пен қолдау атмосферасы әр сәтте сезілді.

     Мерекеде мотивациялық бөлім ерекше орын алды. Шараның құрметті қонақтары джиу-джитсудан әлем чемпионатының жүлдегері Любовь Темникова, Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің өкілі Әсет Какимов, Алматы облысы Полиция департаментінің Кинология қызмет орталығының өкілдері, облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасар, «Жастар рухы», «PARYZ еріктілері» және «Алатау жастары» қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері болды.

     Қонақтар балалармен қиындықтар мен жеңістер туралы, армандаудан қорықпау, мақсат қою және оған сенімді түрде жетудің қаншалықты маңызды екендігімен бөлісті. Сонымен қатар, табысқа апарар жол адалдық, табандылық, еңбекқорлық және, әрине, заңды құрметтеу мен тәртіпті сақтау арқылы өтетінін баса айтты.

     Іс-шара бірліктің, қолдаудың және ізгі ниеттің символы ретінде естелік сыйлықтар табыстау мен ұжымдық суретке түсумен аяқталды.

     Департамент өкілдері мұндай іс-шараларды өткізу игі дәстүр ғана емес, өскелең ұрпақтың бойында дұрыс өмірлік құндылықтарды қалыптастыру жөніндегі ауқымды жұмыстың маңызды бөлігі екенін атап өтті. Бұл мерекелер балаларды адалдыққа, әділдікке, заңды құрметтеуге, еңбек етуге, жақсылыққа сенуге үйретеді. Өйткені дәл осындай кездесулерден әр бала өзінің маңызды екенін және болашаққа жету жолында қолдауға лайық деген түсінік туады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ашық есік күні
  • Антикоррупционная служба по Алматинской области
  • Защита инвесторов - приоритет в надзорной деятельности
  • Инвесторларды қорғау - қадағалау қызметіндегі басымдық
  • «Заң және тәртіп»