Жазғы маусымдағы қауіпсіздік: судағы тәртіп пен орман өртіне қарсы шаралар

    841e7af1-ab30-4afa-86ea-f402be90435f.jpg

    Алматы облысында суға шомылу маусымына дайындық пен табиғи өрттердің алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз - мәслихатында Алматы облысы ТЖД МӨББ бас маманы, азаматтық қорғау майоры Айғаным Мусекенова және Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, аға лейтенант Жанат Сариев мәлімдеді.

    Биыл шомылуға рұқсат етілген орындар саны 103-тен 120-ға дейін көбейтілмек. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында 4869 рейд жүргізіліп, 39 850 ақпараттық материал таратылған. 984 ата-анаға жадынамалар жеткізілді. Бұл жұмыстарға еріктілер, полиция және әскери бөлім қызметкерлері де атсалысты.

    Балалармен болатын қайғылы жағдайлардың басты себебі ата-аналардың салғырттығы. Су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет. Тек арнайы рұқсат етілген жағажайларда демалған жөн, – деді Жанат Сариев.

    Сонымен қатар, табиғи өрттердің алдын алу бағытында да нәтижелі жұмыстар атқарылуда. 2025 жылдың маусымына дейін облыс аумағында 2 орман өрті тіркеліп, жалпы ауданы 10,6 гектарды құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай аз. Сондай-ақ 83 рейд жүргізіліп, 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    Спикерлердің айтуынша, өрттің алдын ерте алу үшін орман шаруашылықтары «Қазақстан Ғарыш Сапары», «Қазгидромет» және «Қазавиаорманқорғау» мекемелерімен бірлесіп жұмыс жүргізуде.

    Өрт пен судағы қауіпсіздік – әрбір тұрғынның жеке жауапкершілігі. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы біз өз өмірімізді, отбасымызды және табиғатты қорғай аламыз. Суға мас күйінде түсуге, балаларды қараусыз қалдыруға, рұқсат етілмеген және жабдықталмаған жерлерде шомылуға  болмайды. Орманда от жағуға, әйнек пен жанғыш заттарды қалдыруға және өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамауға тыйым салынады, – деп түйіндеді спикерлер.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году