«Бірге ме, бөлек пе?» – орфографияны меңгерудің жаңа үлгісі

8bce3955-7685-4358-b0e1-95a2c3fbc538.jpg

Балқаш ауданында мемле-кеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында мазмұнды да маңызға толы семинар-тренинг өтті. Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы КММ Балқаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен шара «Бірге ме, бөлек пе?» деген атаумен қазақ тілінің орфографиялық ережелерін түсіндіруге бағытталды.

Семинар-тренингке Жас-тар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысып, орфо-графияға қатысты маңызды мә-ліметтермен танысты.

Семинар барысында қаты-сушылар қазақ тілінің емле ережелері бойынша жаңа әрі маңызды мәліметтерді тыңдап, теориялық білімдерін тәжірибе арқылы бекітуге мүмкіндік алды. Орфографиялық норма-ларға байланысты практикалық тапсырмалар мен мысалдар арқылы қатысушылар өзара пікір алмасып, білімдерін нақ-тылады.

Одан бөлек, шара сергіту және белсенділік мақсатында түрлі қызықты ойындармен толықтырылды:

«Ментальді байланыс», «Сұрақ-жауап», «Кім жылдам?» сынды интеллектуалдық ойындар қатысушылардың қызығушылығын оятып, тіл үйренуге деген ынтасын арттырды.

Іс-шара соңында көңілді караоке ұйымдастырылып, жас-тар серігіп, еркін пікір алмасуына жағдай жасалды.

Мұндай игі бастамалар мемлекеттік тілдің беделін арттыруға және жастардың сауатты жазу дағдысын қалып-тастыруға бағытталған тиімді құрал екені сөзсіз. «Бірге ме, бөлек пе?» атты семинар – тіл үйрету мен ой-санаға әсер етудің үйлесімді үлгісі бола білді.

Гүлшат БЕРІКБАЙ, Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы КММ Балқаш аудандық филиалының меңгерушісі.

 

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ашық есік күні
  • Антикоррупционная служба по Алматинской области
  • Защита инвесторов - приоритет в надзорной деятельности
  • Инвесторларды қорғау - қадағалау қызметіндегі басымдық
  • «Заң және тәртіп»