Ашхабадта климаттың өзгеруіне арналған конференция өтуде

2.JPG

    Ашхабадта климаттың өзгеруіне арналған Орталық Азияның VII конференциясы өтуде. Жиында жаһандық климаттық қаржыландыруға қол жеткізу, қаржыландыру тәсілдерін әзірлеу және өңірлік климаттық архитектураға ұлттық басымдықтарды біріктіру, сондай-ақ төмен көміртекті даму жолына көшу мәселелері қаралып жатыр. Конференцияға 200-ден астам қатысушы, оның ішінде Орталық Азия елдерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары мен ғылыми орталықтар бар. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев 2026 жылы өтетін өңірлік климаттық саммитке ерекше назар аударылатынын, Қазақстан бұл саммитті өңірлік диалогты нығайтудың және күш-жігерді үйлестірудің стратегиялық алаңы ретінде қарастыратынын жеткізді. 

Серік Жұмабек


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Пороги пенсионных накоплений пересмотрели: причины назвали в Минтруда
  • Жеткіліктілік шектерін көтеру қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған
  • Повышение порогов достаточности направлено на защиту будущих пенсий казахстанцев
  • «Таза Қазақстан»: Астанада Есіл жағалауындағы плоггинг акциясына ондаған адам қатысты
  • «Таза Қазақстан»: плоггинг на берегу Есиля собрал десятки участников в Астане