«Таза Қазақстан»: Алматы облысы тұрғындарының қатысуымен «Таза ауыл» акциясы өткізілді

2.JPG

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынкөл ауылының тұрғындары ауыл аймағын тазарту бойынша «Таза ауыл» акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, жастарға тәрбие-үлгі көрсету және тұрғындар арасындағы бірлікті нығайту.

Акция барысында аудан ардагерлері кеңесінің төрағасы, облыстың Құрметті азаматы Бирбаев Бекболат Ибраимович «Сіз бен біз болып, халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аударып, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру-жалпыға ортақ міндет екенін ұмытпауымыз керек. Бүгінгі шарамыз жай ұран емес, оның басты мақсаты – қоғамда экомәдениетті қалыптастыру» - деп мәлімдеді.

Нарынқол ауылы бойынша 100 адамнан аса қатысушыларды және жастар, еріктілер, қоғам қайраткерлері, ардагерлер қамтыған акция аясында әктеп-тазарту жұмыстары жасалынды.

Сонымен қатар, бүкіл аумақ бойынша тұрмыстық қалдықтардан, пластик бөтелкелерден, қағаздардан және басқа да қоқыстардан тазалады. Нәтижесінде 2 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Бұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Новый исследовательский реактор: инвестиция в технологии, кадры и будущее атомной науки
  • Рост ВВП Казахстана по итогам девяти месяцев текущего года составил 4,2%
  • Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,2%-ды құрады
  • Алматы облысының Жамбыл ауданында 15 медициналық нысан қолданысқа өтті
  • Алматы облысы: Жамбыл ауданында 45,4 шақырым автомобиль жолы жөнделді