Аудан орталығында 21-30 сәуір күндері аралығында Алматы облысы аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілерімен өткізілетін әскери жиындар мен тактикалық-арнайы жаттығуларды өткізу жоспарланған болатын.
Осы аптаның дүйсенбісі күні аудандық дене шынықтыру – сауықтыру спорт кешенінде аталмыш іс-шараның ашылу салтанаты болып өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімі Азат Құтпанбетов, аудан әкімінің орынбасары Азатат Алтынбаев, сондай-ақ бірқатар аудандық мекеме- ұйымдардың басшылары қатысты.
Он күндік әскри міндеттерін өтеуге арнайы жасақталған сарбаздар сап түзеп тұрған сәтте әскери міндеттілер қатарында борышын өтеуші, аудандық тарихи-өлкетену музейінің меңгерушісі Ахмет Басшыбаев аудан әкіміне баяндама жасады.
Іс – шарада алғашқы сөз кезегін алған аудан басшысы Азат Үкітайұлы әскери міндеттілерге сәттілік тілеп, оларға өздеріне берілген тапсырманы тиянақты орындап, он күндік міндетті абыроймен атқаруға шақырды.
Келесі кезекте сөз алған Алматы облысы әкімінің қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі, полковник Мақсат Тастанов, сапта тұрған әскери міндеттілерге он күндік оқу-жаттығы барысында бір-бірімізге түсіністікпен қарап, бекітілген тапсырма бойынша жұмыла жұмыс жасайтындарын айтты.
Мұнан соң Алматы облысы әкімінің қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі, полковник Мақсат Шапатайтұлы мен аумақтық қорғаныс бригада командирінің тәрбие және идиология жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Берік Елікбаев аудан басшысына әскери міндеттелердің жатын орындарын мен тамақтанатын асханаларын және оқу-жаттығу өткізілетін орындарымен таныстырып, олардың әскери киімдерін көрсетіп шықты.
Өз тілшімізден.