Алматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы қарқын алуда

fad1df1a-f088-481a-9183-200ad1757557.jpg

    Алматы облысында оқушыларға қолайлы әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

    Облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, қазіргі таңда өңірдің 5 ауданында жалпы саны 24 900 оқушыға арналған 26 жаңа мектептің құрылысы басталған. Бұл – еліміздің білім беру инфрақұрылымын жаңартудағы маңызды қадамдардың бірі.

    2024 жылы Алматы облысында 11 100 орындық 9 жаңа мектеп іске қосылып, облыстық білім басқармасының теңгеріміне берілген болатын. Жаңа мектептердің ашылуының арқасында үш ауысымда білім беретін мектептер саны 53-тен 32-ге дейін қысқарған.

    — Жаңа оқу орындары заманауи стандарттарға сай жабдықталған. Әрбір мектепте физика, химия, биология кабинеттері, компьютерлік сыныптар, STEM-зертханалар мен робототехника кабинеттері қарастырылған. Сонымен қатар, TOUCH/LED экрандар, заманауи компьютерлер мен интерактивті құрылғылар орнатылған. Оқу және тәрбие іс-шаралары үшін акт залы, медиатека мен электронды кітапхана да қолданысқа берілген. Мектептердің инфрақұрылымы да назардан тыс қалмай, жаңа автобус маршруттары мен аялдамалар салынды, — деді Алматы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мұхамедғаріп Ниязұлы.

    Жаңа мектептерде бүгінде 10 921 оқушы білім алуда. Сонымен қатар, 812 мұғалім мен 394 техникалық қызметкер жұмысқа қабылданған.

    «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының мәліметінше, 2025 жылдың соңына дейін тағы 17 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

    «Жайлы мектеп» жобасы – оқушылардың сапалы білім алуы мен ұстаздардың тиімді еңбек етуі үшін жасалып жатқан маңызды бастама.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Заң және тәртіп» іс жүзінде: Алматы облысының әлеуметтік саласындағы жемқорлықтың алдын алу
  • «Закон и порядок» в действии: профилактика коррупции в социальной сфере Алматинской области
  • «Құрбан айт» мерекесіне орай облыс аумағындағы құрбан шалуға белгіленген орындар тізімі
  • «Таза Қазақстан»: в Алматинской области в акции «Чистый берег-чистая река» приняли участие более 100
  • «Таза Қазақстан»: Алматы облысындағы «Таза жағажай – таза өзен» акциясына 100-ден аса адам қатысты