Алматы облысында былтыр 6 мың гектардан астам орман алқабын өрт шалған

eac126a7-113c-4fce-aad6-64e942f709bf.jpg

        Өңірде ауа температурасының жоғарылауына байланысты өткен аптада ғана құрғақ шөп пен қамыстың өртеніп, 26 оқиға тіркелді.Бұл туралы Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығы Самат Кенжеханұлы айтты. 

        Облыс аумағының 3,2 миллион гектарын мемлекеттік орман қоры мен ерекше қорғалатын аумақтар алып жатыр, оның 1,6 миллион гектары орманды жерлер. 2024 жылдың өрт қауіпті кезеңінде орман шаруашылығы мекемелерінің аумағында 19 өрт тіркелді, өрт аумағы 6083 га, өрттен келген шығын 5 млн 805 мың теңгені құрады.

    «Құрғақ шөптің өртенуіне әкеп соққан Өрт қауіпсіздігінің белгіленген ережелерін бұзғаны үшін 24 жеке және заңды тұлға 1 млн 449 мың теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,-деді спикер.

    Ресми деректерге  сүйенсек, көктемгі-жазғы уақытта болатын өрттердің 90 пайыздан астамының себебі құрғақ шөпті жағу, ғимараттар маңындағы қоқыстарды жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдарының тасталуы, балалардың отпен ойнауынан орын алады екен.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Райымбекском районе с участием молодёжи прошла экологическая акция
  • Райымбек ауданында жастардың қатысуымен экологиялық акциясы өтті
  • АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ ОРАЙ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
  • Алматы облысында 103 қызметіне 403 мыңнан аса қоңырау түскен
  • Алматы облысында 103 қызметіне 403 мыңнан аса қоңырау түскен